Маңғыстаулық «Жыр жебе» ақындар мектебінің футбол командасы Тараз қаласында кіші футболдан өткен халықаралық турнирде І орын алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кіші футболдан халықаралық турнир Қырғызстан мен Қазақстан арасында ұйымдастырылған. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы мен «Ақ жол» газетінің 100 жылдығына арналған турнир айтыс ақындары, жыршы-термешілер мен манасшылар арасында «Ақынға парыз көп ойлау, артық та емес доп ойнау» деген тақырыпта өткен.
Маңғыстаулық ақындар нұр-сұлтандық қарсылас топты 5:1, Қырғызстаннан келген команданы 4:0, тараздықтарды 6:0, Қызылорда ақындарын 4:2, Тараз командасын 5:3 есебімен ұтқан.