Жұмысқа орналастырамын деп бірнеше адамды алдаған азамат ұсталды
Ол өткен жылдың желтоқсан айында жұмысқа кіргізіп беремін деп 28 жастағы тұрғыннан 1.100.000 теңге ақшасын алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамаған. Сондай-ақ, алаяқ тағы бір жергілікті тұрғынды ағымдағы жылдың ақпан айында алдап, сол сомадағы ақшасын қолды қылған, дейді mangystaumedia.kz
Бұл бойынша жәбірленушілер полицияға арызданған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен бұл дерекке қатысы бар 34 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз әрекетін толықтай мойындады.
Қазіргі кезде бұл іс бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмеген.