Қала жолдарын патрульдеу барысында патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен “Mercedes-Benz” автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында жүргізуші автокөлігін міндетті техникалық байқаудан өткізбегендігі анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 9-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, автокөлік айыптұраққа жабылды.