Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын табыс салығынан үш жылға босатып, тексерулерге мораторий енгізген болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық статистика департаменті ұсынған деректерге сілтеме жасай отырып.
Бұл бағыттағы іс-шаралар өңірдің кәсіпкерлік әлеуетін көтеруге, шағын және орта кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ экономикалық өсімді тұрақтандыру мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Қазақстандағы бизнес нысандары салық есептерінен басқа, статистикалық есептерді тапсыруға міндеттеледі. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №20 бұйрығымен статистикалық жұмыстардың 2022 жылға арналған жоспары бекітілді, онда статистика органдарына есептерді кім және қандай тапсыратынын егжей-тегжейлі баяндалған.
Статистикалық мәліметтер арқылы елдің экономикалық және саяси даму деңгейі, қазіргі адамзат қоғамының өркендеу үдерісі айқындалады. Сондай-ақ, статистикалық деректерге сүйене отыра, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін қорытындылауға болады. Ресми статистикалық деректер бойынша бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралардың пәрменділігін бағалауға болады.
Ескере кетер жайт, статистикалық есептілікті сайтта ұсынуға болады www.stat.gov.kz респонденттің кабинеті арқылы https://cabinet.stat.gov.kz