Елімізде жер телімдерін рәсімдеу бойынша сұранысқа ие қызметтерді ХҚКО-ларда көрсететін болады. Бұл азаматтардан келіп түскен өтініштерді есепке алу мен орындалысын бақылаудағы ашықтықты, сәйкесінше ХҚКО -да қызмет алудың қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз етеді. Кез келген клиент өз қалауы бойынша дербес менеджердің көмегіне жүгіне алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап, жер теліміне меншік құқығына актілерді рәсімдеуге дейінгі құжаттардың толық топтамасын жасақтауға көрсетеді. Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – бұл жер жобаларын дайындау, жер телімдерінің шекараларын белгілеу, жер телімдерін кадастрлық суретке түсіру, ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жүргізу, аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізу, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және тағы басқалар. Бүгінде Қазақстанда Жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚКО-да алуға болады.
Коммерциялық қызметтер қолжетімді болатын ХҚКО-лардың толық тізімі ресми сайтта жарияланған: gov4c.kz.