1 шілдеден бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекші бөлімі сенбі күні де жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады. Жұмыс күндеріндегі жұмыс кестесі бұрынғыша, яғни 9:00-ден 20:00-ге дейін.
- ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Қазақстандықтар сондай-ақ, «ХҚКО» қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады. Жаңа жұмыс кестесі халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысының тиімділігін арттырады, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ өкілдері.
Ақтау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының мекен-жайы: 15 ш/а, 67Б ғимарат, №1 бөлім.