Ақтауда 14-15 шағынаудандар арасындағы тас жолда жеңіл көлік мінген жүргізуші бағанаға соғылып, аударылып кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға орнына жедел жәрдем мен бірнеше полиция бригадасы келді.
Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің айтуынша, жол апатынан 96 жылғы жүкті әйел зардап шеккен. Оған бастың беткей жарақаты диагнозы қойылды. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілгеннен кейін пациент үйіне жіберілді.