«Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысының тұрғындарына дауылды ескерту туралы хабарлама таратты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 14 маусымда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыста, солтүстікте және облыс орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, батыста, солтүстікте, облыс орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде +38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Ал Ақтауда 14 маусымда күндіз найзағай күтілуде, - делінген хабарламада.