© Архив
Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналында тұрғынның жолдаған сауалына жауап берген Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі қолданушысы өзі тұратын ықшамауданда балалар ойын алаңы, тротуардың жоқтығы мен көлік тұрағы мәселесі өзекті болып тұрғанын айтып, тиісті мекемеден мәселенің шешілуін сұраған. Тұрғынның сауалына Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері жауап берді.
Жауапты мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше 1, 4, 14, 22, 28А, 29 шағынауданды абаттандырудың бас жоспары жасақталған. Құжатта балалар ойын алаңы, тротуар мен көлік тұрағының орындары анықталған. Бас жоспардың өзге тараулары бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамаға осы жылдың қыркүйек айында жолданады екен.
- Шағынаудандарды абаттандыру жұмыстары тозығы жеткен су және жылу жүйесінің құбырлары мен кәріз желісінің ауыстырылуынан соң ғана жүргізіледі, - дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері.
- Облыс әкімдігінің телеграм каналына 4-шағынаудан тұрғынынан келіп түскен өтініш бойынша Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері жауап берді. Жауаптылардың айтуынша, аталған ауданға абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Жалпы бүгінгі таңда облыс әкімдігінің телеграм каналына барлығы –7499 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 7483 сұраққа жауап берілді. Телеграмм каналға 10 128 адам тіркелген, - дейді МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ ақпарат және брифинг ұйымдастыру бөлімінің маманы Құралай Алтынбекқызы.