Жаңаөзенде алғаш рет ұстаздар арасында қазақ күресінен «Мұғалім барысы» турнирі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Турнир Жаңаөзен қалалық білім бөлімі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Жаңаөзен қалалық филиалының ұйвмдастыруымен өтті.
Оған жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша №17-ші мектептің ұстазы Жәнібек Қаржаубаев 80 кг салмақта үздік шықса, 60 кг салмақта №4-мектептің ұстазы Өмір Дүзелбай жеңімпаз атанды. Ал 100 кг салмақта №24-мектептің ұстазы Райымбек Мырзанов жеңіске жетті.
- Мұғалім - оқушылардың үлгі алып, ұқсауға тырысатын адамның бірі. Сондықтан мұғалімдер осы үдеден шығып, салауатты өмір салтын сақтап, оны насихаттай білуі қажет. Біз ұстаздарды салауатты өмірге тартып, барша тұрғынға насихаттауға тырыстық. Аталған жарыс алдағы жылдары да өз жалғасын табады, - дейді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің мамандары.