Аллаберген Қонарбаевтың «Қазақ боксының атасы - Шоқыр Бөлтекұлы» кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Кітапта Шоқыр Бөлтекұлының өміріне қатысты тың мәліметтер, оның қазақ боксындағы орны туралы ойлар жазылған.
«2016 жылы Шоқыр атамыздың 100 жылдығына орай үлкен шара болды. Сол кезден бастап әртүрлі материалдарды, деректерді жинап, осы кітапты жазуды қолға алдым. Кітаптың шыққанына өте қуаныштымын. Бұл еңбегімді ел спорты үшін тер төккен атамыздың алдындағы адамдық борышым деп есептеймін», - дейді автор.