Ақтауда бір мезетте 300 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар жаңа емхана салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Емхана Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынады. Бүгінгі күні Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы комиссия отырысының хаттамасын жасады. Тиісті жұмыстар жүргізілуде, - деді Бибізада Дүйсенбаева.
Оның айтуынша, соңғы бес жылда халық саны 15%-ға өскен.