Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Елде ревакциналау 22 қарашада басталды. Ең алдымен халықтың тәуекел тобына кіретіндер ревакциналаудан өтіп жатыр.
«Облыста 21 емханада ревакциналау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 7285 адам ревакциналаудан өтті. Оның ішінде 2423 медицина саласының қызметкері, 136-сы мемлекеттік қызметкер, 1471 әскери қызметкер, 23 өндіріс қызметкері, 32 вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлер, 233 педагог, 7 халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, 14 әуежай қызметкері, 3 теміржол жұмысшысы, 5 асхана қызметкері, 33 жүкті әйел, 16 учаскелік полиция қызметкері, 2 лактация кезеңіндегі әйелдер, 21-і «Д» есептегі науқастар, 4 мүгедек, 8 студент және 2854 тұрғын екпе алды», - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев.
Брифинг барысында спикер Pfizer вакцинасын салу жұмыстары жайлы да ақпарат берді. Жалпы облысқа 93 600 доза Pfizer вакцинасы келді. Қазіргі таңда Pfizer-дің 4598 дозасы егілді. Атап айтқанда, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны - 2 752, лактация кезеңіндегі әйелдер - босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін(42 күннен кейін бала 2 жасқа толғанға дейін) - 1257, жүкті әйелдерге - 589 доза вакцина егілді.
Өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясының (КВИ) бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.