©
Жақында британдық QS (Quacquarelli Symonds) рейтингтік агенттігі Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердің жаһандық мойындалған рейтингі – QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings 2022 рейтингінің нәтижелерін жариялады. QS рейтингінің нәтижесінде, 6 қазақстандық ЖОО, соның ішінде Yessenov University алғаш рет үздік университеттің қатарына кірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
QS WUR әлемдегі ең беделді рейтингтердің - бірі. Үздік жоғары оқу орындары рейтингіне Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердің 450 университеті кірді, оның 34-і – қазақстандық университет.
Жоғары оқу орындар рейтингі студенттер саны мен оқытушылар құрамының арақатынасы, ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі, шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі, академиялық бедел көрсеткіштері, жұмыс берушілер алдындағы бедел, бір оқытушыға шаққандағы басылымдар саны, ғылыми мақалалардағы дәйексөздер саны, интернет кеңістігінде көріну дәрежесі және халықаралық бірлескен авторлық жарияланымдар бойынша бағаланды.