Ақтау қаласында қоғамдық көлік жетіспейді. Облыс әкімдігінің телеграм каналына қала тұрғыны осындай мәселені айтып сауал жолдаған болатын. Желі қолданушысының айтуынша, қаладағы 19 шағын аудан «СӘЛЕМ» тұрғын үй кешенінің маңында автобус аялдамасы жоқ екен. “Әбіш Кекілбаев мұражайына жақын жерден, 18 ш/а келе жатырған автокөлік жолы бойынан неге аялдама салып, қоғамдық көлік жүргізбеске”, - дейді тұрғын. Аталған мәселеге қатысты Ақтау қалалық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жедел жауап берді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы. Жауаптылардың айтуынша, аталған мекен-жайдан аялдамар салынып, қаңтар айынан екі жаңа бағыт бойынша қосымша екі қоғамдық көлік қатынайды екен.
СНХ: Нұрғаным Имашева, МО ӘА "Қоғамдық коммуникация орталығы" КММ мониторинг бөлімінің маманы
-Облыс әкімдігінің телеграм каналы тұрғындардың ойын ашық жеткізетін алаңға айналды. Күні кеше телеграм каналға Ақтау қаласының 19 шағын ауданы тұрғынынан аталған шағын ауданда «СӘЛЕМ» тұрғын үй кешенінің жанында автобус аялдамасы жоқ екендігі туралы сұрақ келіп түскен болатын. Тұрғын 19 шағын аудан маңы мен Әбіш Кекілбаев мұражайының қасынан аялдама салып, қоғамдық көлікті көбейтуді сұрады. Сол сияқты қарсы беттен де солай неге жасамасқа деген ойын жеткізді. Тұрғынның сұрағына қатысты аталған мәселенің жақын арада шешілетіні туралы жауаптылар дер кезінде жауап берді. Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің телеграм каналына 2801 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 2792 сұраққа жауап берілді. Жалпы телеграмм каналға 7345 адам тіркелген.