Бейнеуде дауылдың салдарынан газ құбыры қирап қалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Бейнеу кентіндегі ТЖД мәліметінше, екпіні 24 м/с-қа жеткен желдің салдарынан мәдениет үйінің және №3 емхананың шатыры жартылай қирады. Сонымен қатар Уәли көшесінің бойындағы газ құбыры да жартылай бұзылып, салдарынан 4 жеке тұрғын үй газсыз қалды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір газ беру қалпына келтірілді.