Бүгін, 23 желтоқсан күні Ақтауда өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай, қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлеріне Алғыс білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік шараға сала бойынша қажырлы еңбек еткен ардагерлерлер, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Салтанатты шара барысында шаһар басшысы барша жиналғандарды еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, қаланың егемендік жылдарда жеткен жетістіктеріне тоқталды.
- Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылған жылдарында еліміз дамудың үлкен белесін бағындырды. Бір ғана Ақтау қаласының өзінде Тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінгі күнге дейін әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер саны бірнеше есеге артты. Инженерлік инфрақұрылым, қала көшелерін жарықтандыру, асфальт төсеу, орталықтандырылған сумен қаматамасыз ету жұмыстары 100% орындалды. Тәуелсіздік жылдардан бері жөндеу көрмеген шағынаударда ішкі кешенді абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен қарқынды жүргізіліп келеді. Жаңа заманауи аялдамалар пайдалануға беріліп, қаладағы апатты үйлердің мәселесі біржола шешімін тапты. Қалаішілік қоғамдық көліктер жаңартылылып, инвесторлардың көмегімен бірнеше жобалардың құрылысы басталды. Тәуелсіз еліміздің әлем картасында өз орнын алып, жер-жаһанға танылуында Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Осы бостандық туын құлатпай кейінгі ұрпаққа табыс ету және Президент айқындаған межелерге жету жолында бірлесіп қызмет атқаруға міндетіміз,-деді қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Мерекелік кеште ҚР Президентінің 2021 жылғы 2-желтоқсандағы Жарлығы бойынша қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальімен марапатталды.
Салтанатты шара Абай атындағы мәдени- демалыс кешені өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.