Қарақия ауданына жыл басынан бері қысқы мал азығының қорын қалыптастыру үшін 9 мың 376 тонна шөп жеткізілген. Оның 3 мың 958 тоннасы жергілікті жерден дайындалды. Жыл басынан бері 5 мың 479 тонна жем тасымалданды. Бүгінде аудандағы кәсіпкерлер мен операторларда 490 тонна шөп, 209 тонна жем қоры бар.
-«Жалпы облысқа мал азығын сатып алуға «Каспий» ӘКК арқылы жергілікті бюджеттен 2,1 млрд.теңге қаражат қаралды. Соның 92 млн теңгесі шөпке, 138,4 млн теңгесі жемге қысқы мал азығын дайындау үшін, ауданға белгіленген операторларға берілді,- деді Қарақия ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сəбит Құсайынов.
Сондай-ақ, бұрын тіркелмеген малдарды бірдейлендіру үшін «Жасыл дәліз-2» функционалына аудан бойынша бүгінгі күні 275 бас мүйізді ірі қара, 2715 бас мүйізді ұсақ мал, 3704 бас жылқы,1396 бас түйе малы ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру (ИСЖ) дерекқорына енгізілді.
Сондай-ақ куаңшылықтан зардап шеккен әлеуметтік аз қамтылған үй шаруашылығындағы жанұяларды қолдау мақсатында «Қазақстанның Қызыл жарты айы» қоғамдық қоры 225 отбасына 38 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.