«Маңғыстау» станциясының теміржол вокзалында «Есірткісіз болашаққа» атты республикалық үгіт акциясы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Акцияға Маңғыстау облысы ЖП ЕҚБ, Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің басшылығы қатысты, облыстық психикалық денсаулық орталығы, ЖИТС орталығы және Маңғыстау облысының барлық белсенді жастары қатысты.
Вокзал ғимаратында акция ұранымен баннер, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты фактілер бойынша азаматтардың өтініштеріне арналған облыс ПД ЕКБ жедел желісінің нөмірі орналастырылды.
Акция барысында полиция қызметкерлері қатысушылар мен қонақтарға есірткіні жарнамалауға және өткізуге қатысудың құқықтық салдарын, атап айтқанда, интернет сайттар мен телеграмм чаттар арқылы, сондай-ақ жаңа синтетикалық есірткіні және олардың аналогтарын қолданудың қауіптілігі мен салдарын түсіндірді. Ал еріктілер тақырып аясында плакаттар дайындады. Сондай-ақ, қатысушыларға есірткінің, алкогольдің, темекінің және жаңа электрондық темекінің зияны туралы ақпараттық буклеттер мен парақшалар тегін таратылды.
Полиция департаментінің қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтары арнайы муляждарды (есірткіні) пайдалана отырып, есірткілерді іздеу бойынша барлық қатысушылар үшін азаматтардың киімінде және олардың багажында (сөмкелері мен рюкзактарында) есірткіні табу және алып қою бойынша жұмысты көрсетті.
ЖИТС орталығының дәрігерлері ниет білдірушілер үшін АИТВ/ЖИТС-ке (акция орнында) жедел тестілеу өткізді, сондай-ақ есірткіні пайдалану кезінде жұқтыру қаупін және осы аурулардың қауіптілігін түсіндірді.
Сонымен қатар спортшылар мен бишілер де аталған акцияға атсалысты.
Айта кетейік, шара Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен, облыс әкімдігінің қолдауымен өтті. Негізгі мақсаты – есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын түсіндіру, оның ішінде есірткі сайттарына граффити-суреттер мен хабарландырулар салу, есірткіні сататын интернет-дүкендер мен мессенджерлердің жұмысына қатысу.