Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Дүйсенбекұлы облыс тұрғындарын вакцина алуға және сол арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға шақырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі таңда вакцина адамдарды чиптеп, зиян тигізеді деген сынды елді дүрліктіріп жүрген әңгіме көп. Мәселен, дамыған мемлекеттер өз халқына қастандық жасайды деп ойламаймын. Рас, қазір бәрінің ойында «Вакцинаны неге жылдам шығарды?» деген сауал тұрғаны анық. Алайда көрші Ресей мемлекетінде ғылыми институттар көп. Вакцина, одан басқа да ғылыми зерттеу жүргізуде белсенді. Ғалымдар осы ретте аурудың алдын алып, вирусты тоқтату үшін еңбек етіп жатыр. Әрине, вакцина адамды 100 пайыз емдемейді. Тіпті, дәріханадан алатын дәрі-дәрмектің өзі сізге 100 пайыз кепілдік бермейді. Бірақ вакцина пандемия жағдайында ұжымдық иммунитет қалыптастыруға, сол арқылы ауруға қарсы тұруға мүмкіндік беретін жалғыз жол. Сіз вакцина алған соң ауырып қалуыңыз да мүмкін. Алайда бұл вакцинаның зиян екенін білдіртпейді, керісінше ауруға қарсы тұру көрсеткіші бар екенін айқындап береді. Қазір провизорлық стационарларда жатқан немесе қайтыс болған науқастардың көбі вакцина алмаған. Соның салдарынан ауруға қарсы тұра алмай жатыр. Сондықтан біздің мақсатымыз – дер кезінде тұрғындардың вакцина алуына жағдай жасап, аурудың, өлім-жітімнің алдын алу.
Оқи отырыңыз: Вакцина - ауруға қарсы тұратын жалғыз жол