Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарап жүр. Онда 6-8 тамыз аралығында Маңғыстау облысының аумағында «коронавирус инфекциясын шашады» және бұл 34 шағынаудандағы перзентханаға науқастардың жаппай түсуіне әкеледі делінген.
Аудиожазбаға сәйкес, әйел адамдар 13 тамыздан бастап «Ана мен бала» облыстық перинаталдық орталығына індет жұқтырған әйелдер мен балалар түседі деген ақпаратпен бөлісті.
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасынның баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екендігін және шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.
«Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының ағымдағы жылдың 29 шілдесіндегі бұйрығына сәйкес облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында инфекция жұқтырған жүкті және босанған әйелдерге арналған 85 төсек-орын дайындау туралы тарсырма берілген. Оның ішінде 12 реанимациялық төсек және 5 интенсивті төсек-орынға есептелген. Бүгінде барлығы 69 науқас ем қабылдап жатыр. Күн сайын 12-ден 15-16-ға дейін емделушілер шығарылады және сонша науқас қабылданады. Облыста эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Біз азаматтарды үрейленбеуге шақырамыз, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша бөлімше дайындау туралы тапсырма берілген жоқ. Барша тұрғындарды сенімді және ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», - деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасынның баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, қазір «Ана мен бала» облыстық перинаталдық орталығында коронавирус инфекциясын жұқтырған 90 әйел бар. Оның 12-і жансақтау бөліміне орналастырылған. 5-уі ИВЛ-аппаратына қосылған. Құзырлы органдар жалған ақпарат таратқан әйелдердің жеке басын анықтап жатыр.
Қазір әлеуметтік желілерде тағы бір жалған ақпарат белсенді таратылып жатыр. Онда арнайы аппарат арқылы адамдарда COVID-19 белгілерін тудыратын заттарды атмосфераға шашатыны туралы айтылған. Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысында өзгерістер мен толықтырулар бар. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ашық орындарда (алаңдарда, көшелерде және т.б. орындарда) профилактикалық дезинфекция жұмыстарын жүргізу қарастырылмаған.
Құрметті азаматтар, сіздерден әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың таралуына жол бермеуіңізді және тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, тұлға жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274 -бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.