Бүгін Ақтаудағы бір топ зиялы қауым өкілдері бар ғұмырын ұлтының теңдігі мен азаттығына арнаған ұлт қайраткерлері Жалау Мыңбаев пен Тобанияз Әлниязұлының ескерткішіне жиналып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай еске алу гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
1 минут үнсіздік сақтап, өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етті.
Айта кетейік, Елбасының 1997 жылғы Жарлығымен 31 мамыр күні – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланған болатын.
Ресми деректерге сүйенсек, сталиндік қуғын-сүргіннен 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шеккен. Оның 950-ден астамы Маңғыстау өңірінен. Олардың бәрі халық жауы ретінде сотталып, ең жоғарғы жазадан бастап туған өлкесінен алыс жер аударылуға дейінгі әртүрлі үкім шығарылған.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН