Маңғыстау облысы «сары аймақтан» «қызыл аймаққа» өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 21 сәуіріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.
«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары тұр.