• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 29 Шілде 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда тематикалық саябақ ашылды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Вакциналар неліктен екі компоненттен тұрады?...

Не себепті вакцина салдыру қажет?...

Бас санитардың жаңа қаулысы: Міндетті вакцина мерзімі бекітілді...

  • USD: 424.64 ₸
  • EUR: 501.63 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

Биыл Мұнайлыда ауыз су мәселесі шешіледі

13 сәуір, 12:40  |  Маңғыстау жаңалықтары

Жазғы маусым басталған сәттен-ақ Мұнайлы тұрғындары су тапшылығын сезінеді. Биыл да аудан халқының аталған мәселемен бетпе-бет келетіні анық. Мұны жергілікті әкімдік те жоққа шығармайды. Десе де аудан әкімдігі ауыз су беруді оңтайландыру үшін тиісті шаралардың орындалып жатқанын айтады. Осы ретте БАҚ өкілдері Мұнайлы ауданына барып, су тапшылығының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты.

Әкімдік ауыз су жетіспеушілігінің басты себебін аудан халқының жыл сайын өсуімен байланыстырады. Қазір ауданда 174 мыңнан аса тұрғын бар. Қыста ауыз судан қиындық көрмейді, ал жаз басталса тұрғындардан түсер шағым да еселенеді.

«Бізге жаздыгүні су жетпейді. Бір жылдан бері басты проблемамыз су болды. Оның алдында ауыз су жететін еді, қазір тек тапсырыспен сатып алып жүрміз. 4 мᶾ водовозға 2500 тг төлейміз, оны 2 айдай пайдаланамыз. Ал жазғы маусымда бір водовоз суды жеткізу тіпті қиын», - дейді Басқұдық елдімекеннің тұрғыны Айсұлу Қожанова.

Әкімдіктің айтуынша, Мұнайлы ауданын жазғы маусымда ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін тәулігіне 34 980 мᶾ су қажет.

«23 480 мᶾ жеке тұлғалардың, ал заңды тұлғалардың қажеттілігі үшін 11 500 мᶾ су керек. Алайда аудан халқы «Каспий» су тұщыту зауыты тәулігіне берген 9000 мᶾ ауыз суды қанағат етіп отыр. Қазіргі таңда зауыттың өнімділік қуатын тәулігіне 24 000 мᶾ-ке дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Егер зауыт толық қуаттылықта жұмыс істейтін болса, Мұнайлы ауданына берілетін ауыз су 16 000 мᶾ-ке дейін артады», - дейді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев.

Қазіргі таңда Басқұдық ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЦУВС-4 жанына тәулігіне 500 мᶾ су құю пунктін ашу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстың 95 пайызы аяқталған, мамыр айында ашуды жоспарлап отыр. Сол сияқты 43 мың халқы бар Атамекен ауылынан МАЭК ауыз су құбырының бойынан тәулігіне 500 мᶾ су құю пункті ашылады.

Содан соң Баянды ауылына барып, онда салынып жатқан мембраналық қондырғы жұмысымен таныстық. Баянды халқы басқа ауылдарға қарағанда ауыз сумен жеткілікті деңгейде қамтылған. Дегенмен әзір босаңсуға болмайтынын ескеріп отыр. Сол себепті де жазға дейін «Құйылыс-Ақтау» су құбыры арқылы тәулігіне 4000 мᶾ ауыз су тұщытатын мембрананы іске қосуды жоспарлаған. Сондай-ақ сыйымдылығы 4 200 литрден кем болмайтын 20 су тасуға арналған автоцистерна сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруда.

«Биыл наурызда ауыл ішіндегі су тұщытатын мембраналық технологиялар іске қосылғаннан кейін Баянды ауылы «Каспий» су тұщыту зауытынан ажыратылды. Қазіргі таңда мембраналық цех тәулігіне 700 – 800 мᶾ су беріп тұр. Сол суды Баянды 1 мен 2 –ге бір күн Баянды 3-ке бір күн беріп отырмыз. Ал жазда Баянды ауылының тұрғындарына 1000 мᶾ су қажет болады», - дейді Баянды ауылының әкімі Дастан Мұраталиев.

Ауыл әкімінің айтуынша, салынып жатқан мембрана іске қосылып, тәулігіне 4000 мᶾ су тұщытқан жағдайда Баянды, Дәулет ауылдары мен «Бесшоқы» тұрғын үй массивін ауыз сумен қамтуы мүмкін. Ал аталған ауылдардан үнемделген ауыз су Маңғыстау ауылы мен «Ақеспе», «Бозжыра», «Айрақты» және «Шерқала» тұрғын үй массивтерінің қажетіне пайдаланады.

Мұнайлы әкімдігі осылайша ауыз судан шығатан шуды басуға ерте әрекет етіп жатыр. Егер әкімдіктің ойға алғаны өз деңгейінде орындалса, онда халық ауыз судан, жергілікті билік шудан зардап шекпейтіні анық.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

Баянды ауылындағы мембраналық қондырғыБаянды ауылындағы мембраналық қондырғы

2321
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
аудан тынысы мұнайлы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстауда кеше 18 адам коронавирустан жазылып шықты

Келесі жаңалық

1 шілдеден бастап әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізіледі

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мұнайлыда 3 кәсіпкер «Nur Kapital» бағдарламасынан қаржылай қолдау тапты

    23 маусым, 10:14
    1028

    Баяндыда су қондырғысы қолданысқа беріледі

    10 маусым, 09:42
    1393

    Мұнайлыда 30 жыл ішінде 12 мектеп салынды

    8 маусым, 17:22
    1583

    Мұнайлыда 70 отбасы баспаналы болды

    2 маусым, 14:45
    1611

    Басқұдықта мәдениет үйі ашылады

    2 маусым, 12:00
    1667

    Мұнайлы ауданына 20 жаңа су таситын көлік әкелінді

    19 мамыр, 10:25
    2065

    Рубрикалар

      РедакцияҚоғаманонсБайқауБіле жүріңізҚызық дерекЭкономикаЖаңаөзен - 50 жылРухани жаңғыруАуыл өміріТағайындауЖастар беті

    Автордың басқа да жазбалары

    Жаңбырлы түн жарқылы (ФОТО)

    Кеше 12:48
    169

    Каспий жағалауы екі шахмат алаңымен толықты

    27 шілде, 15:50
    262

    Маңғыстауда шөп бағасын түсіру жұмыстары жалғасуда

    27 шілде, 13:43
    158

    Белсенділер бір күнде үш тонна қоқыс жинады

    27 шілде, 11:39
    142

    Қазақстанның сулы-батпақты алқаптары қорғалуы тиіс

    26 шілде, 15:27
    216

    Ауыл әкімдерінің құзыреті жоғары болуы керек – Айгүл Демеуова

    25 шілде, 19:42
    362

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»