Мұнайлы ауданына «Dongfeng» маркалы 20 жаңа су таситын көлік әкелінді. Бұл туралы Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисенғали Кенжалиев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның айтуынша, Мұнайлы ауданында ауыз су тапшылығы жыл сайын жаз мезгілінде байқалады. Осы орайда, тұрғындарды сапалы және уақытылы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.
«Су таситын көліктердің сыйымдылығы 4200 текше метр. Қазір Мұнайлы ауданының 86 пайызына су құбыры тартылған. Қызылтөбе ауылдық округіне су көлік арқылы тасымалданады. Осы жаңа көліктер суды құбырмен алмайтын ауылдардағы кезектілікті азайтуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде жаңа көліктерден бөлек 21 автоцистернамыз ба. Жаңа автоцистерналар ауылдарға бөлінеді. Қазір ауыз суды көлік арқылы алуға тапсырыс берген тұрғындардың сұранысы күнделікті орындалуда», - деді Бисенғали Кенжалиев.