23 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жалпы конкурсты өткізудің мақсаты - қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру, бағдарланудың негіздерін нығайту.
Байқаудың міндеті:
Қызмет көрсетушілердің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың имиджін жоғарылату.
Конкурс екі негізгі кезеңде өткізілді:
Бірінші кезеңде өңірлік деңгейде Маңғыстау облысы бойынша жалпы саны сайысқа 30 өтініш түсіп, 21 мекеме келесі кезеңге өтті.
Тартысты конкурсты қарау нәтижесі бойынша Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Шоғы Мұналұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өкілі – Әсірбай Гулжазира Қанатқызы жеңімпаз атанып, негізігі республикалық деңгейде өтетін конкурсқа жолдама алды.