Мұнайлы ауданындағы орталық «Миғраж» мешіті мен «Үммет жастары» қайырымыдылық қоры бірлесе отырып, 500-ден астам балаға «Рамазан базарлығын» үлестірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау ауылында 300 балаға, Баянды ауылында 100 балаға, Басқұдық ауылында 60 балаға, Дәулет, Қызылтөбе ауылдарында 150 балаға базарлық таратылды.
Аудандағы орталық «Миғраж» мешітінің бас имамы Руслан Сағынтайұлының бұл шара жылдан-жылға дәстүрге айналып, жалғасып келе жатқандығын атады.
“Рамазан айында адамдарды қуантып, жүзіне күлкі сыйлау - Аллаға ең ұнамды амал. Осы сыйды таратуда ізгі іске үлес қосып, көмектескен жандарға алғысымды айтамын”, - деді Миғраж мешітінің бас имамы Руслан Сағынтайұлы.