Сенбі күні Ақтауда 250-ден астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Таза табиғат» жобасының «Бірге таза Қазақстан» және «Мекенім – жасыл орманым» атты акциялары аясында Ақтау қаласы 14 шағынаудан №11 үй артында орналасқан балалар ойын алаңына 50 дана «Айлант» талы отырғызылды. Тал отырғызу жұмыстарына 14 шағынауданның белсенді топ мүшелері, жалпы саны 10-ға жуық адам қатысты.
Ақтау қаласы 32А шағынаудан, Облыстық қан орталығынан 35 шағынаудан қиылысына дейін 87 дана «Айлант» талы отырғызылды. Тал отырғызу жұмыстарына «КазНИПИ-МұнайГаз» ЖШС-нің қызметкерлерімен жалпы саны 30-ке жуық адам қатысты.
Ал Ақтау қаласы бойынша жалпы 72 МИБ, БК және ПИК сенбілікке шықты. Сенбілік барысында шағынаудан ішіне 120 тал отырғызылып, қоқыстарды тазалау және ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы қала бойынша МИБ,БК және ПИК тарапынан 500-ге жуық адам қатысты, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.