• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

8 сәуір күні Ақтауда ауыз су беру уақытша тоқтатылады...

«Ардагерлерге құрмет»: Бозжыра шатқалына саяхат...

Ақтауда тұрғындарды вакцинациялау жүріп жатыр...

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

  • USD: 430.39 ₸
  • EUR: 515.52 ₸
  • RUB: 5.68 ₸

Ауыл сәулеті - аймақ келбеті

5 сәуір, 11:16  |  Маңғыстау жаңалықтары

Туған өлкеде игі үрдістер мен өркенді өзгерістердің орнығуына оң ықпал етуде елжанды азаматтардың үлесі орасан. Ауыл келбетінің күн санап көркейе түсуі, оның аумағында әр алуан әлеуметтік нысандардың бой көтеруі, тұрғылықты халықтың игілігіне жарайтын жасампаз жобалардың жүйелі әрі жемісті жүзеге асуы осындай жанашыр жандардың табанды еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Жаһандану үрдісі дендеп енген бүгінгі қоғам өмірін толассыз өзгерістер мен жаңғыруларсыз елестете алмаймыз. Ал мұндай кезеңде уақыт талабына сәйкес кәсіби білім-білігін үздіксіз жетілдіріп, заман ағымына кедергісіз бейімделуге қабілетті жандар ғана ел игілігіне еселі қызмет ете алмақ. Сондай азаматтар арасынан бүгінде Түпқараған аудандық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Джулдибаева Балғаным есімін ерекше атаймыз.

Балғаным ханым өзі өсіп-өнген өңірдің өркендеуі мен өрлеуіне титімдей үлесін қосуды перзенттік парызы санайты саналы әрі ізгі ойлы жан. Ол бүгінде ҮЕҰ, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе біршама жаңа жобалардың жүзеге асуына жетекшілік етіп келеді. Соның ішінде көпбалалы және тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж, мүжәлсіз отбасыларды әлеуметтік қолдау бағытында бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды. Мұндай ізгі дүниелерге ұйытқы болудағы басты мұраты - қамкөңіл жандарға көмек қолын созу арқылы олардың жігерін жану, жақсылық атаулыға баулу, үміт отын үрлеу. Осы адал ниет пен игі тілекке негізделген батыл бастамалар оны халық қалаулысы етті.

"Мен С.Шапағатов ауылында 2005 жылдан бері тұрамын. Бүгінде сүйікті кәсібімді дөңгелетіп отырмын. 2019 жылдың қыркүйек айында ауылда 75 орындық "Ана" жекеменшік балабақшасын аштым. Сол сәттен бастап көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты аналарға арнап 50 пайыздық жеңілдікпен төлем төлеу және тегін қатынау мүмкіндігін қарастырып, арнайы көлік қатынасын ұйымдастырдым. Ауылда түйіні тарқамай тұрған түйіткілді мәселелер өте көп. Ана мен балаға әлеуметтік қолдау көрсету, қашықта оқу барысында қиындық тудырған ең өзекті мәселе толыққанды ғаламтор желісімен қамту, жас буынға кәсіби бағыт-бағдар беру, ауыл аумағында қоқыс төгу тәртібін ұйымдастыру, ауылішілік жолдардың сапасын қадағалау секілді аса назар аударарлық дүниелер жетіп артылады. Менің о бастан былтыр өткен саяси додада бақ сынауымның басты себебі де осы жайттар", - деп атап өтті Балғаным Джулдибаева.

Кез келген қазақ бойында қайырымдылық сынды қанға сіңген керемет қасиет бар. Балжан Джулдибаева қай кезеңде де қайырымды іс қылудан қол үзген жоқ. Көптің алғысына кенеліп, абырой биігінен бой көрсетіп жүр. Бүгінде аудан тұрғындары сан түрлі мәселемен Балғаным ханымның жеке қабылдауына кіреді. Балғаным Джулдибаева кез келген азаматтың талап-тілегіне мұқият құлақ түріп, мәселе астарына ерекше назар аударып, оң шешімін табуына мүдделілік танытады, бар күш-жігерін салады. Соның айқын дәлелі - аз қамтылған отбасыларды ұдайы азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуі, Сайын ауылдық кітапханасына компьютер жабдықтары жиынтығын сыйға тартуы, спортпен шұғылданатын ауыл балаларының өзге облыстарға жарысқа қатысуы үшін жол шығынын өтеуі, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына қаржылай көмек көрсетуі секілді мерейіңді өсіріп, кісілік келбетіңді кемелдендіре түсетін дүниелер бір парасы ғана.

"Балғаным ханымға айтар алғысым зор. Жалғызбасты аналарға қолдау көрсетуден аянып қалған емес. Мен 1-топ мүгедегімін. Менің бір ауыз сөзімді жерге тастамай, арнайы массаж аппаратын алып берген еді. Денсаулығыма тигізер пайдасы аса зор", - деп ризашылығын білдірді Сайын ауылының тұрғыны Л.Мағзумова.

Қазіргі таңда Балғаным аудандық мәслихат депутаты ретінде өңірдің саяси-экономикалық ахуалын тұрақтандыру, сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпалдастық етуден қол үзбей келеді. Бұдан өзге ауылдар мен елді мекендерде туындаған экологиялық жағдайды жақсарту, абаттандыру, жасыл желекпен көмкеру, ауыл көшелерін толықтай жарықтандыру, ауылішілік және ауыларалық жолдар мен ауыз су, жылу, газ секілді инженерлік инфрақұрылымдар қызметінің сапасын бақылау бағытындағы әр алуан іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытады. Қазіргі таңда ол төтенше жағдай туындай қалған мезетте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған мониторинг топтың құрамында. Сондай-ақ көгілдір отын бағасын тұрақтандыру мәселесінде де азаматтық белсенділігін танытып келеді.

Жоғарыда аталған дүниелердің бәрі дерлік туған елге адал қызмет қылу мен туған ауылдың ажарын айшықтай түсуде табанды еңбек етудің, қай кезде де ізгі адамгершілік қасиеттерден айнымаудың жарқын үлгісі бола алады. "Ауылына қарап, азаматын таны" демекші, Балғаным Джулдибаева секілді жандардың арқасында ұлт руханияты мен экономикалық күш-қуатымыздың қайнар көзі ретінде ауылдардың мәртебесі өсе бермек.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

179
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеті қаралды

Келесі жаңалық

Қарақия кәсіптік колледжінде "Worldskills Aktau-2021" чемпионаты өтті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    1588

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1382

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    1088

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    1216

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1538

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    1186

    Рубрикалар

      Мәселе Мұнайлы Сұхбат Біле жүріңіз Жарнама анонс Ауыл өмірі Құқық Түпқараған Саясат Маңғыстау жаңалықтары Спорт

    Автордың басқа да жазбалары

    Қоғамдық тыңдаулар өтеді

    16 сәуір, 15:02
    130

    Маңғыстауда кеше 35 адамнан коронавирус анықталды

    16 сәуір, 09:47
    266

    Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

    16 сәуір, 09:40
    297

    Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

    15 сәуір, 17:18
    252

    Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

    14 сәуір, 16:23
    238

    Маңғыстауда жыл басынан бері 31 экологиялық құқықбұзушылық анықталды

    14 сәуір, 15:39
    305

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»