ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізген ұсынысы МО Қылмыстық атқару жүйесі департаменті өткізген жиында кең форматта қарастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға МО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшылығы мен МО Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме басшылығы мен мамандары қатысты.
Жиында ГМ 172/6 мекемесінің лауазымды тұлғалардың үстінен келіп түскен арыз негізінде анықталған мән-жайлар айтылды.
Сондай-ақ, Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне түзеу мекемесінде лауазымдық міндеттерін тиісті атқармау фактілеріне жол берген тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін талқылап, шешім шығару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу ұсынылды.