Ақтауда үш тұрғынды алдап кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды mangystaumedia . kz сайты .
Күдікті ж иһаз жасауға уәде беріп, алғашқы төлем ді алғаннан кейін хабарсыз кеткен . Ол 655 000 теңге шығын келтірген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні анықтады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Айта кетейік, 28 наурыз күні Ақтау қаласының полициясына алаяқтық туралы үш тұрғын арызданған.