Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың төрағалығымен COVID-19 таралуының алдын алу бойынша карантиндік іс-шараларды іске асыру жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиын барысында нақты шешімдерді талап ететін мәселелер қаралды:
- мониторингтік топтардың санын көбейту;
- облыс аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу үшін бірқатар қосымша сақтық шаралары қабылданды.
Жедел штаб құрамы өзгерді. Жаңартылған штаб құрамына СЭС мамандары, прокуратура мен жергілікті полиция өкілдері, қала, аудан әкімдері, "Атамекен" ӨКП және өзге де жауапты басқарма басшылары бар.
Жиынды қорытындылай келе облыс әкімінің орынбасары Г.Қалмұратова штабқа өңірдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауды тапсырды.