Ақтауда тұрғын үй баспалдағында тұрған спорттық велосипедті ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдымен Жедел басқару орталығының операторлары сыртқы бақылау камерасы арқылы бақылаған. Кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, полицияға жеткізілді.
«Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - дейді МО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 30 наурыз күні қала тұрғыны Ақтау қаласының полициясына үшінші қабаттың баспалдақ алаңында тұрған спорттық велосипедінің ұрланғаны туралы арызданған.