© Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Ақтауда концерт ұйымдастырған «Rixos Water World» демалыс кешені 2 млн 333 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жақында қаладан 20 шақырым жерде орналасқан қонақ үй тұрғындардың жиналуымен концерт ұйымдастырған болатын. Осы ретте полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен құрылған мобильдік топ карантин талаптарын бұзғаны үшін аталған нысан иесіне хаттама толтыртып, түсініктеме алды.
Карантин талабын бұзғаны үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен ірі кәсіпкерлік нысан иесіне 800 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.