Ақтау, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларынан Грузияға рейстер ашылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Билет құны 25 мыңнан басталады. 2 мамырдан бастап FlyArystan Қазақстанның үш қаласынан Грузияға рейстер ашады. Ақтау, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларынан Кутаиси қаласына рейстер аптасына 6 рет орындалады.
Атап айтқанда:
- Атыраудан 27999 теңгеден бастап, аптасына 2 рет;
- Ақтаудан 24999 теңгеден бастап, аптасына 2 рет;
- Нұр-Сұлтаннан 34999 теңгеден бастап, аптасына 2 рет орындалады, делінген FlyArystan компаниясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.