Маңғыстау облысында кеше 267 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
11 адам қайтыс болды.
Оның 100-і Ақтау қаласының тұрғыны, 85-і Мұнайлы ауданының тұрғыны, 23-і Түпқараған ауданының тұрғыны, 20-ы Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 8-і Маңғыстау ауданының тұрғыны, 13-і Қарақия ауданы, 19-ы Бейнеу ауданының тұрғыны.
Науқастардың ішінде 183 симптомды, 84 симптомсыз. Стационарларда 944 науқас емделуде. Жансақтау бөлімінде - 87 адам жатыр, оның 65-і ауыр, 22-сі өте ауыр жағдайда.