Бүгін Ақтау қаласына "Қазақ газ өңдеу зауытынан" 200 тоннадан аса, Ақтөбе облысынан 20 тонна газ жеткізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жеткізілген газ 17 газ құю бекетіне үлестіріледі. Облыс әкімдігі белгілеген лимит бойынша кәсіпкерлерге 16 және 8 тоннадан газ беріліп жатыр, - деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Тілеген Едігеев.
Тілеген Едігеевтің мәліметінше қазіргі уақытта Ақтау қаласы бойынша 25 газ құю бекеті жұмыс істеп тұр. Ал Маңғыстау облыстық Энергетика басқармасының сұйытылған мұнай газы бойынша маманы Бауыржан Ерпанның айтуынша сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдаланатын автокөліктің саны да көбейіп жатыр. Былтыр желтоқсан айында 93 мың көлік иесі газ тұтынатын болса, қазір 94 мың көлік көгілдір отынмен жүреді.
Махаббат Нұржанқызы