Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев Қаракөл көлінде аққулар тобын видеоға түсірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Видеоны өзінің фейсбук парақшасында бөлісті.
Айта кетейік, жақында Азамат Сәрсенбаевтың Қаракөлдегі қоқиқаздарды түсірген бейнеролигі қазақстандықтар мен шетелдіктерді қайран қалдырған болатын.