• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 12 Мамыр 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстаулық жас спортшы ел чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды...

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы ш...

Маңғыстау облысы «сары» аймаққа өтті...

Ақтауда облыстық жас ақындар айтысы өтті...

Футбол: Қостанайлық «Тобыл» командасы «Каспийге» есе жіберді...

  • USD: 427.22 ₸
  • EUR: 519.71 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

«Бозжыра сафари»: Туризмге қақпа аштық па әлде табиғатқа қастық па?

[ 2020 ] 10 қараша, 10:00  |  Маңғыстау жаңалықтары

Маңғыстау тек теңіз қақпасы емес, тау-тасы арқылы туристерді өзіне тартқан киелі өңір. Сол үшін де алыс-жақын шетелден туристер табан тіреп, табиғат берген таңғажайыпты көруге асығады. Жасыратыны жоқ, соңғы бірнеше жылдың көлемінде аймақтағы туризм саласына көп көңіл бөлінді. Түрлі жоба жасақталды. Соның нәтижесінде жақында теңіз жанынан бес жұлдызды «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі ашылды. Бұл өз кезегінде демалушы санын көбейткені рас. Мұның өзі ұйқылы-ояу жатқан салаға серпін беріп үлгерді.

Серпін сейілмей тұрғанда Бозжыра маңына қонақ үй салу жоспарланып қойыпты. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда табиғат жанашырлары әкімдік тарапынан қабылданған шешімге қарсылық білдіріп отыр.

Бозжыра оңай олжа болмауы тиіс

Маңғыстаулық эколог, «Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік ассоциациясының кеңес төрағасы Әділбек Қозыбақов аң-құстың жоғалып кетуіне алаңдаулы. Егер қонақ үй салынатын болса, өңірдегі биоалуантүрлілікті сақтай алмайтынын алға тартты.

«Әлі қоғамдық тыңдау болған жоқ. Қоғамдық талқылау жоба жасалмастан, құрылыс басталмастан бұрын болуы тиіс емес пе?! Жұмыстар басталып кеткеннен кейін болатын талқылауды түсінбей отырмын», - дейді Ә.Қозыбақов.

Оның айтуынша, барлық нәрсе заңға сәйкес болуы керек. Бозжыраға қонақ үй салу оңай шешілетін мәселе емес. Бұл жерге қадағалау, бақылау, нақты ереже болуы маңызды.

«Халықтың қаумал төлқұжатындағы ережелерге бағынуын «Қызылсай» табиғи паркінің инспекторлары қадағалауы тиіс. Егер кең далада қонақ үй немесе визит орталық салынатын болса, қаншама адам келіп-кетіп, ережеге бағынбай, табиғатқа қауіп төндіруі мүмкін. Сол үшін де жауапты инспекторлар күні-түні сол орында жүруі тиіс. Қазіргі таңда Қаракөлдегі қаумал режимін қадағалай алмай отырмыз. Ал ертеңгі күні қаладан қашық орналасқан Бозжыраға бас-көз болады дегенге күмәнмен қараймын», - дейді эколог Әділбек Қозыбақов.

Көптің күмәнмен қарау себебі де сол. Туризмді түлетеміз деп, көз тоймас табиғатты қолдан құртып алмаймыз ба деп қауіптенеді. Сондықтан да эколог бұл жобаға тек біржақты қарамау керек екенін нақты айтып отыр.

Табиғаттың тас-талқаны шығуы мүмкін

Ал «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары Меңдібай Ағидың айтуынша, өңір табиғаты өзге елдерге қарағанда басқаша. Маңғыстауда топырақ жамылғысы өте әлсіз. Соған сай экологиялық жүйе қалыптасқан. Сондықтан топырақ жамылғысы тез бұзылады, баяу қалыпқа келеді. Мұндай топырағы әлсіз далаға құрылыс салуға болмайды. Аймақ табиғаты көздің қарашығындай қорғауды талап етеді.

«Адам барған жер қалай да өзгеріске ұшырайды. Ертең Бозжыра да бүлініп, табиғаттың тас-талқаны шығуы әбден мүмкін. Себебі бізде қызмет көрсету сапасы өте әлсіз. Мәселен, қала ішіндегі қоқысты шығару жұмыстарына көңіл көншімейді, ал даланы таза ұстайтынына өз басым сенбеймін. Қонақ үй бой көтергенімен қызығы 10-15 жылға дейін созылар. Бірақ одан кейін табиғатта тамашалайтын түк те қалмайды. Тек қу тастар мен шөгілген шыңдар ғана қалады», - дейді Меңдібай Ағи.

Табиғатқа алаңдаушылық танытқан Жанпейіс Назарғали қоғамдық тыңдау өткізуді талап етуде. Сонымен қатар Бозжыраны тек табиғаттың керемет ескерткіші ретінде қабылдамау керек екенін айтты.

«Бұл жер үшін ата-бабаларымыз қан төкті. Ол жерді біздерге мұра етіп қалдыру үшін қаншама батырларымыз жаумен шайқасып, жан тапсырды. Бозжыраның маңында қаншама ата-бабаларымыздың сүйегі жатыр. Оны да ұмытпаңыздар. Енді келіп мұндай қасиетті де киелі жерге қонақ үй мен бассейн салу барып тұрған бассыздық деп қабылдаймын. Қонақ үй болған жерде ресторан болады, ішіп-желінеді, билейді. Ата-бабаларымыз бұл жерлерді сол үшін аманаттап кетті ме? Ойланайық ағайындар», - деп жазды Жанпейіс Назарғали фейсбук парақшасында.

Келісіп пішкен тонның келте болмасын меңзеген қоғам белсендісі нағыз туризмнің қандай болатынын да атап өтті.

«Қонақ үй салғысы кеп бара жатса басқа да жолдары бар. Мысалы, Бозжырадан 10-20 км жерден барлық жағынан қазақи нышанда безендірілген ағаш үйлер түрінде этноауыл салынсын. Қазақтың тамағы мен шұбат, қымызы берілсін. Сосын Бозжыраға дейін атпен немесе түйемен апарсын. Осы кезде жергілікті тұрғындар да жұмыспен қамтылар еді. Міне, нағыз туризм деп осыны айтса болады», - дейді Жанпейіс Назарғали.

Әкімдік: Жоба қоғамдық талқылауға ұсынылады

Қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мәлімдеме жасады. Басқарма басшысының орынбасары Есенқос Әділбековтың айтуынша, басты міндет – туристерді қабылдауға дайындықты қамтамасыз ету. Ол үшін тиісті туристік нысандар қажет. Әйтпесе тиімді жағдай болмаса туризм табиғатқа үлкен зиян келтіреді.

«Rixos қонақ үйін салған инвесторлар бутик-отельдің бірегей жобасын іске асыруды ұсынған болатын. Нысан «жасыл» технология талаптарына сәйкес. Ғимараттар бір қабатты болады. Сыртқы келбеті жергілікті ландшафттармен үйлеседі. Материалдарды салу үшін түстер мен реңктер мүмкіндігінше табиғи болады», - дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Ал Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жобалау жұмыстарының сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетінін айтып отыр. Жоба дайын болғанда қоғамдық талқылауға ұсынылмақ.

«Қазіргі уақытта құрылыс басталған жоқ. Желіде таратылған видеода тек 2 күн мерзімге болашақ объектінің жоспарланған орнына инвестор тобының келуіне байланысты уақытша шатыр, мобильді әжетхана және жылжымалы генератор орнатылды. Жобаны іске асыруды бастаған кезде ұйымдастырушылар міндетті түрде барлық қажетті қоғамдық, экологиялық тыңдаулар өткізеді. Қолданыстағы заңнаманың барлық санитарлық-экологиялық, табиғи нормалары сақталатын болады», - деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хош. Енді Маңғыстау жақұтының жұтылуы немесе сол қалпы сақталуы шеңділердің шешіміне байланысты болмақ. Осы ретте биліктегілер мен белсенділер өгіз өлмейтін, арба сынбайтындай бір мәмілеге келгені маңызырақ.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

2239
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Бозжыраға қонақүй қажет пе?

Келесі жаңалық

Ақтауда үлескерлерді алдаған компания басшысы ұсталды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    1645

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1435

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    1143

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    1252

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1586

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    1225

    Рубрикалар

      Рухани жаңғыруРедакция газеттеріМәдениетТағайындауАудан тынысыХабарландыруЖастар бетіEXPO - 2017Анықтама бюросыҚарақияАшық қоғамБайқау

    Автордың басқа да жазбалары

    Ұлы Отан соғысының құрбандарына Құран бағышталды

    10 мамыр, 16:26
    140

    Бас имам ардагерлерге құрмет көрсетті

    9 мамыр, 15:11
    232

    Маңғыстау облысының әкімі ҰОС ардагері Бисен Боқаевтың шаңырағында болды

    9 мамыр, 14:45
    207

    Баскетбол: Алғаш рет "Каспий" әйелдер командасы ел чемпионы атанды

    8 мамыр, 09:37
    303

    Бейнеу түлектері бір отбасыға баспана кілтін табыстады

    7 мамыр, 18:12
    492

    Бүгін - Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні

    6 мамыр, 17:20
    221

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»