Бейнеу ауданының мектеп бітіргеніне 10 жыл толған түлектер қасиетті Рамазан айында қайырымды іс жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Бейнеу ауданы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2011 жылғы түлектер аудандағы көпбалалы Аманқосовтар отбасына жаңа үйдің кілтін табыс етті.
“Жаңалықты естігенде өте қатты қуандық. Осыған дейін 6 баламен 10 жылдай пәтер жалдап жүрдік. Осындай көмек жасап жатқан інілеріме алғысым шексіз", - дейді Алуадин Аманқосов.
Аудан түлектерінің мұндай қайырымды шарасы дәстүрге айналған. Бұған дейін 2009, 2010 жылғы түлектердің демеушілігімен көпбалалы отбасылар үйлі болған.
Жастардың айтуынша, игі шараны 2012 жылғы түлектер қабыл алды.