Бейнеу ауданына қарасты ауыл көшелеріне жарық шамдарды орнату аяқталды. Бұл туралы Есет ауылының әкімі Ескендір Әнесов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ауылдарды дамыту жобасы аясында жергілікті бюджеттен 3 млнға жуық қаржы бөлінген. Осы ретте ауылға 95 жарық шамы орнатылды. Оның ішінде 30 данасы күннен қуат алады»,-деді Ескендір Әнесов.
Ауыл әкімінің айтуынша, аталған жұмыстарды "Бейнеу энерго" мекемесі жүргізді.