Бүгін «Каспий» футбол құрамасы өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдады. Ойын нәтижесі бойынша «Тобыл» ФК «Каспий» клубына 1:2 есеппен есе жіберді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Алғашқы кезеңде ақтаулық команда есеп ашты. «Каспий» сапындағы Давид Караев 31-минутта қарсылас командаға алғашқы гол салды. Содан кейін Никола Цуцкич 72-минутта есепті еселеді.
Ал «Тобыл» ойыншысы Оралхан Өміртаев 95-минутта бір голменжауап қайтарды.
Осылайша футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің сегізінші турындағы алғашқы ойын аяқталды.
Сонымен қатар бүгін елордада «Астана» мен Оралдың «Ақжайығы», «Тараз» бен «Ақтөбе», түркістандық «Тұран» мен «Атырау» арасында кездесу өтті. Ал 29 сәуір күні талдықорғандық «Жетісу» мен қарағандылық «Шахтер», Алматының «Қайраты» мен шымкенттік «Ордабасы», қызылордалық «Қайсар» мен «Қызылжар» командалары ала доп алаңына шығады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА