Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Іскер әйелдер қауымдастығының Маңғыстаудағы өкілі Сәуле Жұмаханова мәлім етті. Оның айтуынша, бұл байқау Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен аталған қауымдастықтың игі істердің басы-қасында жүріп, адамгершілік құндылықтарды мақсат еткен жандарды қолдауға бағытталған.
«Егер сіз немесе жаныңыздағы адамдар көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қиын жағдайда батылдық танытса, бұл байқау осы адамдарға арналып ұйымдастырылып отыр. Ал, байқау лауреаттары бес номинация бойынша анықталады», - деді Сәуле Жұмаханова.
Олар:
1. «Асар» - қайырымдылық қызметі арқылы салт-дәстүрді сақтап, ұлттық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосқаны үшін;
2. Білім беру, экология, абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру саласы бойынша туған өлкесіне қайырымдылық көрсететкен жандар үшін;
3. Батыл жүрек, ерлік пен қайсарлық үшін;
4. Мейірімділік танытып, белгілі бір уақыт аралығында өтеусіз тұрақты көмек көрсеткендер үшін;
5. БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын көтеріп, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартқан журналист немесе шығармашылық ұжым үшін;
Айта кетейік, қатысуға ниет білдіргендер 2020 жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде caravan_dobroty@fpp.kz электронды поштасына жіберу қажет.
Байланыс телефондары: 8 (701)-513-55-00