Бүгін Ақтау қалалық әкімдігінде ұстаздар күніне орай, қала көлемінде пандемиямен күресте көрсеткен қызметі мен азаматтық ұстанымы үшін бірқатар мұғалімдер марапатталды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі хабарлады.
Соның ішінде, № 2 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Ерлан Ізбен және №22 мектеп директоры Самат Жүзбергенов пандемия кезінде ауруханаларға оттегі баллондарын тасып, күндіз- түні кезекшілікке шығып, еріктілер қатырынан табылды.
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов ұстаздарды мерекемен құттықтап, қала әкімінің Құрмет грамоталарын табыстады.