Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Маусым айының 26-28 күндер аралығында МО Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, Ақтау қалалық әкімдігі мен қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және қалалық баспасөз қызметі, сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге шаһардағы мейрамханалар мен кафелерге, сонымен қатар, өзге де кәсіпкерлік обьектілерге кезекті мониторингтік бақылау жүргізетіндігін ескертеміз", делінген хабрарламада.
Мониторинг барысында сақтық шаралары қадағаланбаған кәсіпкерлік нысан иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, шара қолданылады.