Ақтауда жаз мезгілі басталғаннан бері көгалдандыру және оны суару жұмыстарына байланысты арыз-шағымдар толастар емес, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осыған байланысты Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязовтың төрағалығымен көгалдандыру мәселесі бойынша жиын өтіп, осы мәселелерді шешу жолдары кеңінен талқыланған болатын. Сонымен бірге, Ақтау қаласының әкімдігі бақылауды күшейту үшін қауырт желіні іске қосты.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН