Жаңаөзенде 25 маусымнан бастап блокбекеттер қайта қойылды. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қала аумағындағы блокбекеттер Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарының 24 маусым 2020 жылғы № 30-БСДҚ қаулысына сәйкес, қойылады.
Жалпы қалада 8 базар, 12 құрылыс дүкені, 37 шаштараз, 10 компьютерлік клубтар, 3 кинотеатр, 2 ойын-сауық сауда орталығы, 1 мал базары және 5 мал сою нысаны, 17 супермаркет, 410 азық-түлік дүкені, 37 дәріхана, 39 кафе-бар мен 34 тойхана орналасқан.
Төтенше жағдай кезеңдерінде қала әкімінің орынбасарлары жетекшілігімен мобильдік топтар құрылды және шағынаудандарға жауапты мекемелер бекітілді.
Еске салайық, 19 наурыз күні коронавирустың алдын алу және карантин режимі кезінде азаматтардың қозғалыстарына шектеу қою масқатында Жаңаөзен-Ақтау, Жаңаөзен-Кендірлі, Рахат-Қызылсай, Жаңаөзен-Қарамандыбас-Жетібай бағыттарындағы тас жолдарға 4 санитарлық блокбекеттер орнатылды. 31 мамыр күні карантин режимінің жеңілдетілуіне байланысты алынған болатын.