Ақтауда соңғы кездері көгалдандыру, жасыл желектерді суаруға байланысты мәселелер, арыз-шағымдар толастар емес. Осыған орай, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязовтың төрағалығымен көгалдандыру мәселесі бойынша жүрмелі жиын өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жиынға қала әкімінің орынбасары С. Гусман, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Қ. Ақыбаев, Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі О. Тоқжанов, "Эко Мангистау" ҮЕҰ директоры К. Осин, Ақтау қаласы ПИК қауымдастығының төрағасы Т. Баймағамбетов, "КЖСА" МКК бас инженері А. Давлетиаров, агроном В. Лукшонис "Атамекен" мүгедектерді қолдау қоры" ҚБ өкілі А. Қожабаев, "Ақбота" МКК директорының м.а. М.Ибраева және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында көгалдандыру бойынша көтеріліп жатқан мәселелер талқыланып, шешу жолдары қаралды. Осы жылы Ақтау қаласын көгалдандырумен "Атамекен "мүгедектерді қолдау қоры" ҚБ айналысуда. Бірнеше жыл бойы көгалдандыру мәселесі қаладағы өткір мәселелердің бірі болып келеді. Жаз келіп, ауа-райының ысуымен қала тұрғындарынан жасыл желектердің уақытылы суарылмауына байланысты көптеген шағымдар келіп түсуде. Мамандар мұны қаладағы су қысымының төмендеуімен байланыстырады. Жаз мезгілі мен суару маусымы басталғалы, тұрғындардың суды тұтынуы артқан.
Егер 2015 жылы суды тұтыну тәулігіне 27 мың текше метрді құраса, қазір көлемі 42 мың текше метрге жеткен. Қаланы сумен толық жабдықтау үшін тағы 9 мың текше метр су қажет. Осыған байланысты қалада сумен жабдықтау жүйесіне қосылмауға мүмкіндік беретін сыйымдылықтар орнатылды.
Сондай-ақ, 2002 жылы жүргізілген су жүйесінің 18 жыл ішінде тозуына байланысты, биыл тозған темір құбырларды пластикалық құбырға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Мамандардың айтуынша, көгалдандыру, ірі көлемді қоқыстарды шығару, санитарлық тазалау, абаттандыру, автожолдарды күтіп ұстау мәселелерін заңнамалық деңгейде шешу қажет. Орынбасар Тоқжанов өз сөзінде бәрін мемлекеттік реттеуге қайтаруды, яғни мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құру туралы ұсынды. Бірақ, қазіргі заңнама сәйкес бұл мүмкін емес. Өйткені, бұл қызметтер бәсекелестік ортада. Экологтардың айтуынша, олар көгалдандыру саласындағы мемлекеттік сатып алу туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, яғни МКК құру туралы сұраумен жоғары мемлекеттік органдарға бірнеше рет хат жолдаған. Кирилл Осиннің айтуынша, экологтар заң шығарушы органдарға үндеу дайындауда. Кездесуге қатысушылар бұл бастаманы қолдады.
Қалалық абаттандыру ережелеріне сәйкес шағын және орта бизнес өкілдері ( кеңсе, дүкен, дәріхана) өз аумақтарын күтіп-ұстауға және абаттандыруға міндеттенеді. Экологтар кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілік танытып, өздеріне тиісті аумақты көгалдандырып, жасыл желектерді суаруға шақырады.
Жиын барысында қала әкімі жиналғандардың осы мәселелер бойынша ой-пікірлерін тыңдады. Жиын соңында "Ақбота" паркі мен 4 шағын аудан теңіз жағасына түсетін жердегі саябақтың көгалдандыру жұмыстарын Валдис Лукшонис басқаратын "көгалдандырушылар одағына" беру туралы шешім қабылданды.
Қалада 79 ПИК бар. Т. Баймағамбетов ПИК қауымдастығы үйлерден құбырларды шығару арқылы шағынаудан ішілік суару жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосатынын жеткізді. Яғни, шағынаудандардың ішіндегі жасыл желектерді ПИК өкілдері суарады, ал су өлшегіштердің барлық шығындарын "Атамекен" ҚБ екі жақты келісім негізінде төлейтін болады. Бүгінгі таңда бұл бастаманы 11 шағын аудан ПИК толығымен қолдады, 13, 15 шағын аудан ПИК ішінара қосылуда. Сонымен қатар, 1-ші және 22-ші шағын аудандардың ПИК келісім-шарттарын жасауға дайындалуда. 3 және 7 шағын аудандарда суаруды көгалдандыру компаниясы жүргізеді, бірақ шағынаудандар ішіндегі ағаштарды суаруға толық бақылауды ПИК жүргізеді. ПИК Ассоциациясының төрағасы атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, халық бақылауы мен көгалдандыру бойынша әлеуметтік желіде чат құру ұсынылды. Қаланың әрбір тұрғыны көгалдандыру бойынша, атап айтқанда суару бойынша фото немесе бейнежазбаларын осы желіге жібере алады. Осылайша, қаланың жасыл қорын сақтау мәселесінде әрбір тұрғын өз үлесін қоса алады.