Маңғыстау облыстық Қазақстан Коммунистік Халық партиясы «Жарқын болашаққа деген құқық. Халық партиясы» атты шарасын өткізді.
Шараға медицина, білім саласы және ішкі істер департаментінің еңбек ардагерлер,үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Мерекелік шара барысында облыстық комитеттің бірінші хатшысы Роза Махамбетова партияның 16 жылда атқарған жұмыстары мен алдағы жобаларға тоқталды.
Сонымен қатар партияға жаңа мүшелер қабылданды. Ал белсенді мамандарға партияның 15 жылдығы және В.И.Лениннің 150 жылдық мерейтойлық медалі табысталды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН, Сергей АХМИРОВ