1 маусым балаларды қорғау мерекесіне орай Маңғыстау облыстық Әділет департаменті, облыстық жеке сот орындаушылар палатасы және облыстық нотариаттық палатасы бірлесе №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тәрбиеленіп жатқан балаларға сый-сияпат көрсетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мереке қарасаңында ұйымдастырушылар қаладағы балалар үйіне тұрмыстық қажеттілігі бар заттарды сыйлап, балаларға тәттілерді тарту етті. Шараның негізгі мақсаты – балалардың өмірге деген қызығушылығын арттырып, мерекеде қуаныш сыйлау.
«Алдымен Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесіне келіп, балаларды мерекемен құттықтадық. Тәрбиеленушілердің қажеттілігін қамтамасыз ететін тұрмыстық заттарды сыйға тарттық. Мұндай шаралар әрі қарай өз жалғасын табады», - дейді МО Әділет департаменті басшысының орынбасары Айзат Тілембаев.
Айтуынша, шара облыстық балалар ауылы мен 14 шағынаудандағы орталықта жалғасады.
Шара соңында орталықта тәрбиеленіп жатқан балалар арасында сурт салу және спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаз балаларға және қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН